«Төрлет, Наурыз!» » №28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№28 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 72752 700-05
Есепші бөлімі:
+7 72752 700-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Төрлет, Наурыз!»
22
март
2018

«Төрлет, Наурыз!»

"Наурыз нақыштары" 22 наурыз мерекесіне арнап мектебімізде «Төрлет, Наурыз!» - атты мерекелік қойылым ұйымдастырылған болатын. Ұлыстың ұлы күніне арналған бұл мерекеде мектеп басшысы Бейсембаева Салима Оразкановна бастаған ұжымның барлық ұстаздары ат салысты. Қойылым концерттік бағдарламамен өрнектеліп, ән мен биге, жырға ұласты. Қойылымдағы көрерменге ұсынылған әр түрлі билермен қатар, Асхат Жамансариев жетекшілік ететін Республикалық «Өнерлі өркениет», «Жас дарын», «Сырым бар жүрегімде», «Болашаққа жол» сияқты байқаулардың жүлдегері «Сармат» бишілер тобының «Қоштасу» биі, грузин билері мерекенің қөркін аша түсті. Гүлжазира Гапбасова жетекшілік ететін Халықаралық «Ақ көгершін», «Атадан мұра», Республикалық «Жұлдыз болғың келсе», «Сырым бар жүрегімде» т.б. байқаулардың жүлдегері «Самғау» тобы мен Республикалық «Болашаққа жол» байқауының жеңімпаздары «Балдаурен» тобы «Наурыз», «Пай шіркін» сынды тамаша әндерімен көркемдеді. Асел Бейсенбина жетекшілік ететін Республикалық «Өнерлі өркениет», «Болашаққа жол» байқауларының жеңімпазы «Серпін» домбырашылар ансамблі де Құрманғазының «Адай», Бейсекеевтың «Ғасырлар тоғысында», М. Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты күйлерін орындады. 
Мектептегі директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Казимова Баян Төлегеновнаның ұйымдастыруымен құрылған «Қазына» әжелер ансамблі де тамаша ән жырларын тарту етті. «Қазына» әжелер ансамблінің көркемдік жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі ардагер ұстаз Сүлейменова Күлаш апайымыз. Күлаш апайымыз өзі де тамаша ән салып, әсем даусымен мерекенің ажарын аша түсті. Мерекенің жүргізушілері бастауыш сынып мұғалімі Сейлғазинова Қаламқас пен дене шынықтыру пәні мұғалімі Рахимбекова Ақмаржан болды. Бастауыш сынып мұғалімдерінен құрылған Сейлғазинова Қаламқас бастаған қыздар тобы «Қазақ осы» әнімен сахнаға шықты. Қойылымда «Аластау», «Шашу» сияқты бөлімдерді әжелеріміз-яғни ардагер ұстаздарымыз, алдыңғы аға ұрпақ өкілдері атқарса, орта буын ұстаздары – жас келіншектеріміз халыққа Наурыз көже ұсынды. Ал жас мамандарымыз да тойға келген қыз жігіттерді сомдап, тамаша ән мен билерін тарту етті. Гимназиямызда әр ұстаз белгілі бір бөлінген рольдерде ойнап, Ұлыстың Ұлы күнінде халыққа керемет көңіл күй сыйлаған тамаша мейрам болып өтті. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив