14
февраль
2020
Мектеп-гимназиямызда оқушыларымыздың дұрыс тамақтануы басты назарға алынған.
Мектеп-гимназиямызда оқушыларымыздың дұрыс тамақтануы басты назарға алынған. Мектеп асханасында «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған , аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасында тәрбиеленетін оқушылар тегін тамақтанады. Мектеп асханасында 162 оқушы ЖБББ қорынан 25 оқушы мектеп асханасын жалға алушы есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша күнделікті, сынып жетекшісінің қадағалауымен тамақтанып отырады. Оқушылардың уақтылы тамақтануы мен сапалы қызмет көрсетілуін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Н.Джайсамбаева мен әлеуметтік педагогі М.Б.Байбулат әрдайым бақылауда ұстап отырады. Күнделікті мектеп мұғалімдерінен кезекшілік ұйымдастырылған. Сонымен қатар, айына бір рет мектеп асханасын арнайы құрылған комиссия мүшелері тексеріп отырады.
@ Bayserke, Almaty, Kazakhstan
@ Bayserke, Almaty, Kazakhstan