Оқушылардың қаупсіздігі туралы ескертпе » №28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№28 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 72752 700-05
Есепші бөлімі:
+7 72752 700-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың қаупсіздігі туралы ескертпе
06
апрель
2023

Оқушылардың қаупсіздігі туралы ескертпе

ОҚУШЫЛАР: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік ережені сақтауға міндетті.

Оқушылардың сыртқы келбеті.

     Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)
Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек.
Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.
Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.
     Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.
Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.
Жалпы тәртіп ережелері.
     Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 10 минут қалғанда кешікпей келулері керек.
Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады. Өрт қауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және сол ережелерді сақтауға міндетті.
     Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге; мектептің, өзінің және басқаның мүлігін сақтап, ұқыптылықпен қарауға: мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.
     Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз» деп сөйлеседі.
     Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберулеріп және де ұлдар қыздарға жол берулері керек.
     Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив