«Таза Қазақстан»
«Таза Қазақстан» — табиғатқа жанашырлықтың айқын көрінісі!Бұл ауқымды экологиялық акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаны таза ұстап, елді мекендерді көгалдандыру және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. ♻️ Акция аясында: ✅ Ауылдар мен қалалар аумағы тазартылуда ✅ Өзен-көл жағалаулары мен саябақтар қоқыстан аршылуда ✅ Ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде 🤝 Игі бастамаға мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қоғам белсенділері мен тұрғындар белсенді қатысуда.