24
июнь
2026
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты
2026 жылғы 12 маусым күні мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – лагерь жұмысының қорытындысын шығарып, балалардың демалыс уақытындағы жетістіктерін атап өту.Салтанатты шара барысында тәрбиеленушілер ән айтып, би билеп, лагерьде үйренген өнерлерін көрсетті. Балалар қызықты ойындарға қатысып, өздерінің әсерлерімен бөлісті. Лагерьдің белсенді қатысушылары марапатталып, алғыс хаттар табысталды.Шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, балалар мен тәрбиешілер бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Осылайша, «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің бір маусымы сәтті аяқталып, балалар жазғы демалыстан жақсы әсер алып қайтты.