24
июнь
2026
"Менің бақытты Отаным" атты асфальтқа сурет салу
5 маусым "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары "Менің бақытты Отаным" атты асфальтқа сурет салу шығармашылық іс - әрекетін жасады. Мақсаты: Асфальтқа сурет сала отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, топпен сурет салу арқылы ынтымақтастыққа үйрету, ой - қиялдарын дамытып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылар асфальтқа Отанымыздың "өмір ағашы" символына айналған Бәйтерек, Ханшатыр, Ту және көктемгі сакура ағашының гүл жаруын бейнеледі. Оқушылар бірлесе жұмыс жасап, ұйымшылдықтарын көрсете білді. Тәрбиешілер мен жетекшілер тарапынан оқушылардың ең әдемі суреттері ерекше атап өтіліп, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Байдәулетова Гүлмира апайдан кері байланыс берілді. Ең шығармашыл, креативті шығарма иелері мен топтар мақтау қағаздарымен марапатталды. "
Жазғы уақыттарын қызықты өткізген балалар да, олардың ата - аналары да мәз - мейрам болып, жетекшілер мен тәрбиешілерге алғыстарын жаудырды.