07
апрель
2026
Білім – болашақтың кілті, ал кітап – сол білімнің сарқылмас қазынасы.
Білім – болашақтың кілті, ал кітап – сол білімнің сарқылмас қазынасы. Жас ұрпақтың рухани дамуына, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Мереке” қайырымдылық қоры мен «Ауылға кітап ал» жобасының қолдауымен мектебімізге құнды кітаптар тарту етілді.Аталған игі іске Тұрсынжан Нұрай Бағдатұлы, «Ауылға кітап ал» жобасының еріктісі атсалысып, ауыл мектептерінің кітап қорын толықтыруға үлкен үлес қосып келеді. Бұл сый – жас оқырмандардың білімге деген құштарлығын арттырып, олардың рухани дүниесін байытуға бағытталған игі бастама. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары атынан “Мереке” қайырымдылық қорына және жоба еріктілеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.