21
май
2026
Психологиялық ахуалды анықтау және эмоционалдық жағдайды зерттеу
Мектебімізде 8–11 сынып оқушылары арасында психологиялық ахуалды анықтау және эмоционалдық жағдайды зерттеу мақсатында «Ресурс-2» және «БЕК» психологиялық тесттері жүргізілді.Зерттеуге жалпы саны 491 оқушы қатысты. Оның ішінде 5 үйден оқитын білім алушы қамтылды.Тест нәтижелері бойынша оқушылардың эмоционалдық жағдайы, психологиялық ресурстары мен ішкі көңіл-күй ерекшеліктері сараланып, анықталған көрсеткіштерге сәйкес психологиялық қолдау жұмыстары жоспарлануда.Жүргізілген диагностика білім алушылардың психологиялық саулығын нығайтуға, қолайлы орта қалыптастыруға және уақытылы көмек көрсетуге бағытталған.