06
апрель
2026
«Ұмытылмас Мұқағали өлеңдері” тақырыбында 5-6 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.
📚Кітапханада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Ұмытылмас Мұқағали өлеңдері” тақырыбында 5-6 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мәнерлеп оқу сайысының басты мақсаты-оқушыларға ақын шығармашылығының терең мазмұнын, көркемдік қуатын таныта отырып, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөзді мәнерлеп оқу мәдениетін қалыптастыру.Мәнерлеп оқу сайысы барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың жүрекке жететін өлеңдерін жатқа, әсерлі, интонация мен дауыс ырғағын сақтай отырып орындады. Аталған іс-шарада: 5”Ә” сынып оқушысы Жақып Нұрсәт-1 орын, 6”А” сынып оқушысы Шәріпбек Нұрсәуле-2 орын, 6”А” сынып оқушысы-Каипова Айару-3 орындармен марапатталды