07
апрель
2026
«Көрісу – амандықтың белгісі» атты мектепішілік іс-шара
Мектебімізде Көрісу күні мерекесіне орай «Көрісу – амандықтың белгісі» атты мектепішілік іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтып, ұлттық дәстүрдің маңызын насихаттады.Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына халқымыздың салт-дәстүрін сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.Баршаңызды Көрісу күні мерекесімен құттықтаймыз!Жылымыз берекелі, ынтымағымыз жарасқан болсын! 🤍