14
апрель
2026
«Таза Қазақстан» акциясы
28 мектеп-гимназиясында 🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Іс-шара барысында мектеп ауласын көгалдандыру , абаттандыру мақсатында ағаш отырғызу, тұя егу, раушан гүлдер отырғызу жұмыстары жүргізілді. Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін түсінген оқушылар белсенділік танытып, өз жобаларын қорғап, экологиялық мәдениеттің маңыздылығын көрсете білді.Бұл игі шараға Іле ауданының білім бөлімінің басшысы, Байсерке округінің әкімшілігі, ұстаздар, ата- аналар, оқушылар және зиялы қауым өкілдері қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.Бірлік пен ынтымақтың нәтижесінде мектеп ауласы жаңарып, көркейе түсті 🌱 Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі артып, экомәдениет нығая түсетіні сөзсіз.
Теги:
123