21
май
2026
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыс барысында оқу жылының жетістіктері мен атқарылған жұмыстар қорытындыланып, оқушылардың білім сапасы, тәрбие бағытындағы жұмыстар, қауіпсіздік шаралары және жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Сонымен қатар ата-аналарға балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі, бос уақытын тиімді өткізуі және тәртіп сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілді.