21
май
2026
«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды иемін, бастауышым»
«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды иемін, бастауышым» деп тебірене айтқан сендердің әрбір сөздерің менің жүрегіме ерекше жылу ұялатады. Себебі, мен үшін ұстаз болу – сендердің бойларыңа алғашқы әріпті танытып, адамгершілік пен білімнің іргетасын қалау бақытына ие болу еді.Мектеп табалдырығын сенімсіз басып, әліппенің әрбір әрпін бірге үйренген сәттерің күні кешегідей көз алдымда. Ал қазір міне, қанаттарың қатайып, арманы асқақ, білімді түлектерге айналдыңдар. Бұл – менің ғана емес, сендердің де, ата-аналарыңның да үлкен еңбегінің жемісі.Қайда жүрсеңдер де, бастауыштан алған адалдықтарың мен тазалықтарыңды жоғалтпаңдар. Әрқашан биік шыңдарды бағындырып, еліміздің мақтан тұтар азаматы болыңдар. Жолдарың әрқашан ашық, талаптарың сәтті болсын!Сендердің әрбір жетістіктерің мен жарқын болашақтарың үшін әрқашан мақтанатын боламын. Ақ жол, сүйікті шәкірттерім! Ізгі тілекпен 4"Б" сынып жетекшісі: Махамбетова Жайдары Сериковна