Іс-шаралар » Страница 9 » №28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№28 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 72752 700-05
Есепші бөлімі:
+7 72752 700-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәрбие сағаты «Отбасым- алтын бесігім»
09
сентябрь
2024
Тәрбие сағаты «Отбасым- алтын бесігім»
2024-2025 оқу жылында «Отбасы күні» апталығы аясында «Отбасым- алтын бесігім», атты тақырыпта 1-11 сынып білім алушылары арасында сынып сағаттары мен іс-шаралар жүргізілуде. Отбасы құндылықтары туралы айтылып, бауырмалдық, отбасыдағы сүйіспеншілік, достық, қайырымдылық тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жасалды.
«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тоң пішер»
06
сентябрь
2024
«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тоң пішер»
2024-2025 оқу жылында «Отбасы күні» апталығы аясында «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тоң пішер», атты тақырыпта, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында ата-аналарға қызықты сұрақтар қойылып, психологиялық жағдаяттар берілді.
"Бұрымды қыз" челленджі
06
сентябрь
2024
"Бұрымды қыз" челленджі
Мектебіміздің қыздары «Бұрымды қыз» челленджіне қатысты. Қазақ xалқының дүниетанымында бұрым — сұлулықтың белгісі, қыздардың ары мен абыройы. Әрбір қыз баласын белінен төгілген бұрымы мен ақылына қарап бағалаған. Қазақ қызы әрқашанда сұлу.
“ Тіл-асыл қазына, өрісі кең әлем”
05
сентябрь
2024
“ Тіл-асыл қазына, өрісі кең әлем”
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай мектебімізде “ Тіл-асыл қазына, өрісі кең әлем”атты тіл айлығының ашылуы өтті. Тіл мерекесінің ашылуын қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын тілі бірлестіктері бірігіп өткізді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл туралы ақын жазушылардың өлеңдері оқылды. Керемет би билеп, сазды әуендер шырқалды. #тілайлығы #тілмерекесі
«Жанұям-қорғаным, ата-анам тірегім»
05
сентябрь
2024
«Жанұям-қорғаным, ата-анам тірегім»
2024-2025 оқу жылында «Отбасы күні» апталығы аясында «Жанұям-қорғаным, ата-анам тірегім», атты тақырыпта мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары арасында эссе жазудан үзінді фото суреттер.
"Отбасы-аялы алақан мекені"
03
сентябрь
2024
"Отбасы-аялы алақан мекені"
2024-2025 оқу жылында "Отбасы күні" апталығы аясында "Отбасы-аялы алақан мекені", атты тақырыпта мектебіміздің ата-аналары арасында жүргізілген сұхбаттасудан үзінді бейнеролик.
"Мектебім-мейірім мекені!"
01
сентябрь
2024
"Мектебім-мейірім мекені!"
Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша Қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Бүгінгі күн сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
"Ата Заңым - айбыным"
30
август
2024
"Ата Заңым - айбыным"
Конституция күніне орай өткізілген мерекелік іс-шарадан үзінді.