07
апрель
2026
Жол жүру ережесін сақтау – қауіпсіз қоғам кепілі!
Жол жүру ережесін сақтау – қауіпсіз қоғам кепілі!Мектебімізде оқушыларға жол жүру ережелерін сақтау туралы түсіндірме сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында «Жас прокурорлар» ұйымының мүшелері белсенділік танытып, жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында маңызды ақпараттармен бөлісті.Оқушыларға жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам белгілері, жол белгілерінің мағынасы түсіндіріліп, түрлі жағдаяттық сұрақтар арқылы ой-пікірлері тыңдалды. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті екені ерекше атап өтілді.👮♂️ «Жас прокурорлар» ұйымымен бірлескен бұл шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етті.
Балалардың қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік!