02
апрель
2026
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 9–10-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Бүгін №13 орта мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 9–10-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Іле ауданы прокуратурасының 2-сынып заңгері Ақбиюмов Раимбек Ержанұлы қатысып, оқушылар алдында сөз сөйледі.
Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Аталған шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.