24
июнь
2026
«Мұғалім қызметінің рейтингісі – нәтижелілік кепілі» тақырыбында қорытынды педагогикалық кеңес
«Мұғалім қызметінің рейтингісі – нәтижелілік кепілі» тақырыбында қорытынды педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында 2025–2026 оқу жылы бойынша мектептің оқу -тәрбие жоспарына, мұғалімдердің кәсіби қызметіне сараптама жасалып, рейтингтік көрсеткіштері қорытындыланды.Педагогтердің оқу жетістіктері, әдістемелік жұмыстары, шығармашылық ізденістері мен қоғамдық белсенділігіне талдау жүргізіліп, нәтижелі жұмыс көрсеткен ұстаздардың тәжірибелері атап өтілді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру бағытындағы жетістіктер мен алдағы міндеттер сараланды.Кеңес соңында мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау, сапалы білім беру мен тиімді жұмыс нәтижесін арттыру бойынша ұсыныстар қабылданды.