24
июнь
2026
«Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты
«Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.2025-2026 оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатында оқушыларға білімнің құндылығы, Отанға адал қызмет ету, ел болашағына жауапкершілікпен қарау туралы тағылымды ойлар айтылды. 🇰🇿Сынып сағаты барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қауіпсіздік шаралары, заң мен тәртіп, «Таза Қазақстан» бастамасы, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету, жазғы демалысты тиімді өткізу тақырыптары кеңінен түсіндірілді.Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.