Ақпарат » Страница 5 » №28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№28 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 72752 700-05
Есепші бөлімі:
+7 72752 700-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
28 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы барша  ұстаздарды, аяулы аналарды және мектептің ардақты аруларын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!
07
апрель
2026
28 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы барша ұстаздарды,
28 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы барша  ұстаздарды, аяулы аналарды және мектептің ардақты аруларын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа толы болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Көктем мерекесі жүректеріңізге жылулық пен шабыт сыйласын! 💐Мерекелеріңізбен!
Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасының бірі.
07
апрель
2026
Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасының бірі.
Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасының бірі. Ол бізге білім беріп қана қоймай, ойымызды дамытып, дүниеге деген көзқарасымызды кеңейтеді. Кітап оқыған адам көп нәрсені үйренеді, өз ойын дұрыс жеткізуді, өмірді терең түсінуді меңгереді.
Спорт фракциясы | Спорттық сұрақтар
07
апрель
2026
Спорт фракциясы | Спорттық сұрақтар
Спорт фракциясы | Спорттық сұрақтарМектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының спорт фракциясы оқушылар арасында «Спорттық сұрақтар» атты танымдық ойын ұйымдастырды.Оқушыларға спорт тақырыбында қызықты сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен жылдам ойлау қабілеттері сыналды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды. Мұндай шаралар оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортты сүюге баулиды. 💪⚽
Мектеп-гимназиямыздың оқушы ұлдарына арналған жиналыс өткізілді.
07
апрель
2026
Мектеп-гимназиямыздың оқушы ұлдарына арналған жиналыс өткізілді.
Бүгін мектеп-гимназиямыздың оқушы ұлдарына арналған жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында оқушылармен қауіпсіздік ережелері, қоғамдық орындардағы тәртіп, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Оқушыларға өмірдегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу  жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жас педагогтарды қолдау мақсатында мектебімізде 10 күндік апталық өткізілді.
07
апрель
2026
Жас педагогтарды қолдау мақсатында мектебімізде 10 күндік апталық
Жас педагогтарды қолдау мақсатында мектебімізде 10 күндік апталық өткізілді.Апталық барысында жас ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, түрлі ашық сабақтар, шеберлік сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл бастама жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік берді.Ұстаздық жолын жаңа бастаған педагогтарға сәттілік тілейміз! 🌱📚
Мәдениет және өнер – ұлттың рухани байлығы!
07
апрель
2026
Мәдениет және өнер – ұлттың рухани байлығы!
🎭🎨 Мәдениет және өнер – ұлттың рухани байлығы!Мәдениет және өнер фракциясы шығармашылықты дамытып қана қоймай, ұлттық мұраны қалыптастыруға және дәріптеуге өз үлесін қосуда. 🇰🇿✨«Өнерлі өрге жүзер, өнерсіз жерге жүзер», «Өнер — таусылмас қазына, білім — сарқылмас дария» сынды мақалдардың жалғасын табу арқылы ұлттық құндылықтар дәріптелді. Өнер — ұлттың айнасы, ал ұлттық мұра — ұрпаққа аманат. 🌿 Біз дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра отырып, рухани құндылықтарды насихаттаймыз.
Өзін-өзі басқару ұйымы форумда!
07
апрель
2026
Өзін-өзі басқару ұйымы форумда!
✨ Өзін-өзі басқару ұйымы форумда!Мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған форумға арнайы шақырту алып, тәжірибе алмасу мақсатында қатысып қайтты.Форум барысында оқушылар көшбасшылық, командалық жұмыс және жобалық қызмет бағытында өзара пікір алмасып, үздік тәжірибелермен бөлісті. Жаңа идеялар мен тың бастамаларға шабыт алдық. Еңбегіміз еленіп, форумға қатысқан барлық мүшелер арнайы сертификаттармен марапатталды 🏅📜 Мұндай мүмкіндіктер – жас көшбасшылар үшін
КімгеАлғысАйтқыңызКеледі челленджі
07
апрель
2026
КімгеАлғысАйтқыңызКеледі челленджі
КімгеАлғысАйтқыңызКеледі челленджі ✨Жүрегіңізде жүрген ризашылықты бүгін жасырмай айтыңыз! 💛Сіз кімге алғыс айтқыңыз келеді? Ұстазыңызға ма, ата-анаңызға ма, досыңызға ма әлде өміріңізге өзгеріс әкелген жанға ма? Белгілеп, жылы сөзіңізді жазыңыз да, челленджді жалғастырыңыз! Жақсылықты көбейтейік, алғыс айтудан бастайық!#алғыс_айту_күнiмен
Алғыс айту күні құтты болсын! ✨
07
апрель
2026
Алғыс айту күні құтты болсын! ✨
Алғыс айту күні құтты болсын! ✨ Бүгін – жүректерге жылулық сыйлайтын, ризашылық пен құрметтің мерекесі. Осы ерекше күні мектебіміздің “Жас прокурорлар” ұйымы атынан баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бізге білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздарымызға, әрдайым қолдау білдіретін ата-аналарымызға, әділдік пен заңдылықты насихаттауда бірге еңбек етіп жүрген серіктестерімізге алғысымыз шексіз. Алғыс айту – үлкен мәдениет, биік адамгершіліктің белгісі. Бір-бірімізге жылы сөз
Жол жүру ережесін сақтау – қауіпсіз қоғам кепілі!
07
апрель
2026
Жол жүру ережесін сақтау – қауіпсіз қоғам кепілі!
Жол жүру ережесін сақтау – қауіпсіз қоғам кепілі!Мектебімізде оқушыларға жол жүру ережелерін сақтау туралы түсіндірме сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында «Жас прокурорлар» ұйымының мүшелері белсенділік танытып, жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында маңызды ақпараттармен бөлісті.Оқушыларға жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам белгілері, жол белгілерінің мағынасы түсіндіріліп, түрлі жағдаяттық сұрақтар арқылы ой-пікірлері тыңдалды. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір азаматтың