Ақпарат » Страница 6 » №28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№28 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 72752 700-05
Есепші бөлімі:
+7 72752 700-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
Наурызнама онкүндігі аясында "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" күніне орай оқушылардың қатысуымен сурет көрмесі ұйымдастырылды.
07
апрель
2026
Наурызнама онкүндігі аясында "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр"
Наурызнама онкүндігі аясында "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" күніне орай оқушылардың қатысуымен сурет көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде оқушылар қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін бейнелеген шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Әрбір суреттен ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығы айқын көрінді.Бұл көрменің мақсаты – оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, ұлттық мұрамызды дәріптеу. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болып, әр
Мектебіміздің 9-сынып оқушылары ұстаздарға құрмет көрсетіп, мектеп мұғалімдерін жылы лебізбен қарсы алып, мерекемен құттықтады.
07
апрель
2026
Мектебіміздің 9-сынып оқушылары ұстаздарға құрмет көрсетіп, мектеп
Мектебіміздің 9-сынып оқушылары ұстаздарға құрмет көрсетіп, мектеп мұғалімдерін жылы лебізбен қарсы алып, мерекемен құттықтады. Оқушылар жүрекжарды тілектерін айтып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ұстаз – білімнің шамшырағы, шәкірттеріне жол көрсететін тұлға. Осындай ізгі іс-шаралар арқылы оқушылар ұстаздарға деген алғысы мен құрметін білдірді.
«Ананың аялы алақаны» челленджі 🌷
07
апрель
2026
«Ананың аялы алақаны» челленджі 🌷
«Ананың аялы алақаны» челленджі 🌷Ана – мейірімнің шуағы, жүректің жылуы, өмірдің тірегі. Ананың аялы алақаны әр балаға жылулық сыйлап, өмір жолында әрдайым қолдау көрсетеді.Бұл челленджде ұстаздар,оқушылар өздерінің аяулы аналарымен бірге түскен суреттерімен бөлісіп, аналарға деген шексіз алғысы мен махаббатын білдіреді.Аяулы аналарымызға зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз! 💐
Білім – болашақтың кілті, ал кітап – сол білімнің сарқылмас қазынасы.
07
апрель
2026
Білім – болашақтың кілті, ал кітап – сол білімнің сарқылмас қазынасы.
Білім – болашақтың кілті, ал кітап – сол білімнің сарқылмас қазынасы. Жас ұрпақтың рухани дамуына, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Мереке” қайырымдылық қоры мен «Ауылға кітап ал» жобасының қолдауымен мектебімізге құнды кітаптар тарту етілді.Аталған игі іске Тұрсынжан Нұрай Бағдатұлы, «Ауылға кітап ал» жобасының еріктісі атсалысып, ауыл мектептерінің кітап қорын толықтыруға үлкен үлес қосып келеді. Бұл сый – жас  оқырмандардың  білімге деген құштарлығын арттырып, олардың
28 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы барша  ұстаздарды, аяулы аналарды және мектептің ардақты аруларын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!
07
апрель
2026
28 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы барша ұстаздарды,
28 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы барша  ұстаздарды, аяулы аналарды және мектептің ардақты аруларын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа толы болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Көктем мерекесі жүректеріңізге жылулық пен шабыт сыйласын! 💐Мерекелеріңізбен!
Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасының бірі.
07
апрель
2026
Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасының бірі.
Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасының бірі. Ол бізге білім беріп қана қоймай, ойымызды дамытып, дүниеге деген көзқарасымызды кеңейтеді. Кітап оқыған адам көп нәрсені үйренеді, өз ойын дұрыс жеткізуді, өмірді терең түсінуді меңгереді.
Спорт фракциясы | Спорттық сұрақтар
07
апрель
2026
Спорт фракциясы | Спорттық сұрақтар
Спорт фракциясы | Спорттық сұрақтарМектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының спорт фракциясы оқушылар арасында «Спорттық сұрақтар» атты танымдық ойын ұйымдастырды.Оқушыларға спорт тақырыбында қызықты сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен жылдам ойлау қабілеттері сыналды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды. Мұндай шаралар оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортты сүюге баулиды. 💪⚽
Мектеп-гимназиямыздың оқушы ұлдарына арналған жиналыс өткізілді.
07
апрель
2026
Мектеп-гимназиямыздың оқушы ұлдарына арналған жиналыс өткізілді.
Бүгін мектеп-гимназиямыздың оқушы ұлдарына арналған жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында оқушылармен қауіпсіздік ережелері, қоғамдық орындардағы тәртіп, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Оқушыларға өмірдегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу  жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жас педагогтарды қолдау мақсатында мектебімізде 10 күндік апталық өткізілді.
07
апрель
2026
Жас педагогтарды қолдау мақсатында мектебімізде 10 күндік апталық
Жас педагогтарды қолдау мақсатында мектебімізде 10 күндік апталық өткізілді.Апталық барысында жас ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, түрлі ашық сабақтар, шеберлік сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл бастама жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік берді.Ұстаздық жолын жаңа бастаған педагогтарға сәттілік тілейміз! 🌱📚
Мәдениет және өнер – ұлттың рухани байлығы!
07
апрель
2026
Мәдениет және өнер – ұлттың рухани байлығы!
🎭🎨 Мәдениет және өнер – ұлттың рухани байлығы!Мәдениет және өнер фракциясы шығармашылықты дамытып қана қоймай, ұлттық мұраны қалыптастыруға және дәріптеуге өз үлесін қосуда. 🇰🇿✨«Өнерлі өрге жүзер, өнерсіз жерге жүзер», «Өнер — таусылмас қазына, білім — сарқылмас дария» сынды мақалдардың жалғасын табу арқылы ұлттық құндылықтар дәріптелді. Өнер — ұлттың айнасы, ал ұлттық мұра — ұрпаққа аманат. 🌿 Біз дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра отырып, рухани құндылықтарды насихаттаймыз.