07
апрель
2026
Ауған соғысы ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті
Ауған соғысы ардагерлерімен тағылымды кездесу өттіБүгін мектебімізде Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен ерекше әрі мәнді кездесу өтті.Бұл жүздесу – жас ұрпаққа отансүйгіштік, ерлік пен батырлықтың шынайы мағынасын түсіндіретін үлкен тәрбие сағаты болды.Ардагерлер өз өмір жолынан, соғыс жылдарындағы қиын сәттерден сыр шертіп, бейбіт күннің қадірін бағалауға шақырды.
Олардың әрбір сөзі – біз үшін өнеге, әрбір естелігі – тарих.
Кездесу соңында оқушылар ардагерлерге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!