Сейілбек Мырзабаймен тағылымды кездесу » №28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№28 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 72752 700-05
Есепші бөлімі:
+7 72752 700-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сейілбек Мырзабаймен тағылымды кездесу
07
апрель
2026

Сейілбек Мырзабаймен тағылымды кездесу

Сейілбек Мырзабаймен тағылымды кездесу өтті28 мектеп-гимназиясында ата-аналар, ұстаздар және оқушылардың қатысуымен белгілі қаламгер, “Отбасы хрестоматиясы” баспасының авторы,бала тәрбиесіндегі құндылықтарды кеңінен насихаттаушысы Сейілбек Мырзабаймен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында қонағымыз отбасы тақырыбын тереңінен қозғап, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, ұрпақтар сабақтастығы, тәрбиенің маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Ол – Отбасы хрестоматиясы баспасының авторларының бірі, сондай-ақ Балалықтан даналыққа кітабының авторы ретінде отбасы құндылықтарын дәріптеп келе жатқан тұлға.
Әсіресе, баланың тұлға болып қалыптасуында ата-ананың өнегесі мен рухани ортаның рөлі ерекше екендігін атап өтті. Отбасы – тәрбие бастауы, ұлттық құндылықтардың алтын діңгегі екенін әсерлі жеткізді.
Ата-аналар мен ұстаздар өз пікірлерін білдіріп, оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Ашық әрі шынайы диалог рухани байытатын әсерлі кешке ұласты.
✨ Осындай кездесулер отбасы мен мектеп байланысын нығайтып, жас ұрпақтың саналы, парасатты болып қалыптасуына зор ықпал етеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив