Материалы за 07.04.2026 » Страница 4 » №28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№28 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 72752 700-05
Есепші бөлімі:
+7 72752 700-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 07.04.2026 » Страница 4
Білім – болашақтың кілті, ал кітап – сол білімнің сарқылмас қазынасы.
07
апрель
2026
Білім – болашақтың кілті, ал кітап – сол білімнің сарқылмас қазынасы.
Білім – болашақтың кілті, ал кітап – сол білімнің сарқылмас қазынасы. Жас ұрпақтың рухани дамуына, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Мереке” қайырымдылық қоры мен «Ауылға кітап ал» жобасының қолдауымен мектебімізге құнды кітаптар тарту етілді.Аталған игі іске Тұрсынжан Нұрай Бағдатұлы, «Ауылға кітап ал» жобасының еріктісі атсалысып, ауыл мектептерінің кітап қорын толықтыруға үлкен үлес қосып келеді. Бұл сый – жас  оқырмандардың  білімге деген құштарлығын арттырып, олардың
28 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы барша  ұстаздарды, аяулы аналарды және мектептің ардақты аруларын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!
07
апрель
2026
28 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы барша ұстаздарды,
28 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы барша  ұстаздарды, аяулы аналарды және мектептің ардақты аруларын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа толы болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Көктем мерекесі жүректеріңізге жылулық пен шабыт сыйласын! 💐Мерекелеріңізбен!
Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасының бірі.
07
апрель
2026
Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасының бірі.
Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасының бірі. Ол бізге білім беріп қана қоймай, ойымызды дамытып, дүниеге деген көзқарасымызды кеңейтеді. Кітап оқыған адам көп нәрсені үйренеді, өз ойын дұрыс жеткізуді, өмірді терең түсінуді меңгереді.
Спорт фракциясы | Спорттық сұрақтар
07
апрель
2026
Спорт фракциясы | Спорттық сұрақтар
Спорт фракциясы | Спорттық сұрақтарМектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының спорт фракциясы оқушылар арасында «Спорттық сұрақтар» атты танымдық ойын ұйымдастырды.Оқушыларға спорт тақырыбында қызықты сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен жылдам ойлау қабілеттері сыналды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды. Мұндай шаралар оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортты сүюге баулиды. 💪⚽
Мектеп-гимназиямыздың оқушы ұлдарына арналған жиналыс өткізілді.
07
апрель
2026
Мектеп-гимназиямыздың оқушы ұлдарына арналған жиналыс өткізілді.
Бүгін мектеп-гимназиямыздың оқушы ұлдарына арналған жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында оқушылармен қауіпсіздік ережелері, қоғамдық орындардағы тәртіп, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Оқушыларға өмірдегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу  жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жас педагогтарды қолдау мақсатында мектебімізде 10 күндік апталық өткізілді.
07
апрель
2026
Жас педагогтарды қолдау мақсатында мектебімізде 10 күндік апталық
Жас педагогтарды қолдау мақсатында мектебімізде 10 күндік апталық өткізілді.Апталық барысында жас ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, түрлі ашық сабақтар, шеберлік сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл бастама жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік берді.Ұстаздық жолын жаңа бастаған педагогтарға сәттілік тілейміз! 🌱📚
Мәдениет және өнер – ұлттың рухани байлығы!
07
апрель
2026
Мәдениет және өнер – ұлттың рухани байлығы!
🎭🎨 Мәдениет және өнер – ұлттың рухани байлығы!Мәдениет және өнер фракциясы шығармашылықты дамытып қана қоймай, ұлттық мұраны қалыптастыруға және дәріптеуге өз үлесін қосуда. 🇰🇿✨«Өнерлі өрге жүзер, өнерсіз жерге жүзер», «Өнер — таусылмас қазына, білім — сарқылмас дария» сынды мақалдардың жалғасын табу арқылы ұлттық құндылықтар дәріптелді. Өнер — ұлттың айнасы, ал ұлттық мұра — ұрпаққа аманат. 🌿 Біз дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра отырып, рухани құндылықтарды насихаттаймыз.
Өзін-өзі басқару ұйымы форумда!
07
апрель
2026
Өзін-өзі басқару ұйымы форумда!
✨ Өзін-өзі басқару ұйымы форумда!Мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған форумға арнайы шақырту алып, тәжірибе алмасу мақсатында қатысып қайтты.Форум барысында оқушылар көшбасшылық, командалық жұмыс және жобалық қызмет бағытында өзара пікір алмасып, үздік тәжірибелермен бөлісті. Жаңа идеялар мен тың бастамаларға шабыт алдық. Еңбегіміз еленіп, форумға қатысқан барлық мүшелер арнайы сертификаттармен марапатталды 🏅📜 Мұндай мүмкіндіктер – жас көшбасшылар үшін
Наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! ✨
07
апрель
2026
Наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! ✨
Наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! ✨Өзін-өзі басқару ұйымы атынан баршаңызды шынайы жүректен мерекемен құттықтаймыз!Алғыс айту күні – мейірім мен ризашылықтың, сыйластық пен бірліктің мерекесі. Бұл күн – бір-бірімізге құрмет көрсетіп, жан жылуын сыйлап, жүректегі алғысымызды білдіретін ерекше сәт. Біз ұстаздарымызға – бағыт-бағдар бергені үшін, ата-аналарымызға – шексіз қамқорлығы үшін, достарымызға – қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтамыз. Әрбір жылы сөз бен ізгі тілек қоғамымызды
Қайырымдылық – шынайы жүректен шыққан жақсылық
07
апрель
2026
Қайырымдылық – шынайы жүректен шыққан жақсылық
Қайырымдылық – шынайы жүректен шыққан жақсылық ✨Қайырымдылық – міндет емес, ол – мейірімге толы жүректің үні.Шын жүректен жасалған әрбір жақсылық біреуге үміт, біреуге қуаныш, біреуге сенім сыйлайды. Жылы сөз айту, қолдау көрсету, көмек беру – бәрі де үлкен жүректің белгісі. Шынайылықпен жасалған игі іс ешқашан елеусіз қалмайды. Бүгін бір жанға шын жүректен жақсылық жасап көрейік… Өйткені қайырымдылық – адамгершіліктің ең әдемі көрінісі 🤍✨