Республикалық байқаудан жүлделі орын
Білім мен еңбектің жемісін көрсеткен оқушыларымыз республикалық байқаудан жүлделі орынмен оралып, мектебіміздің мерейін асқақтатты. Бүгін біз оларды ерекше ықыласпен, зор мақтанышпен қарсы алдық.Жас дарындарымыздың жетістігі – ұстаздар еңбегі мен ата-аналар сенімінің нәтижесі. Бұл жеңіс – тек оқушыларымыздың ғана емес, бүкіл мектебіміздің ортақ қуанышы!Құрметті жеңімпаздар, сіздерге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, тек жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспіз! 🌟